Discover millions of ebooks, audiobooks, and so much more with a free trial

Only $11.99/month after trial. Cancel anytime.

Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар
Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар
Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар
Ebook181 pages1 hour

Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар

Rating: 5 out of 5 stars

5/5

()

Read preview

About this ebook

БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі және Дубай әмірі, Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның бұл беделді кітабында Шейх Мұхаммедтің өз мүддесі бар екі ұғым, яғни бақыт пен позитивтілік Қарастырылған. Шейх осы екі ұғымның арақатынасын зерттей отырып, олардың жетістікке, өнімділікке және шығармашылыққа қол жеткізу тұрғысынан қаншалықты әсер ететінін қарастырады. Шейх Мұхаммедтің өз қолымен жазылып, қазақ тіліне тәржімеленген бұл ғибратты кітап бақыт пен позитивтіліктің көшбасшылық стратегияларды қалыптастыру мен ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың маңыздылығын көрсететін жеке хикаяларды және де халықаралық көзқарасты қамтиды.
LanguageKazakh
Release dateSep 24, 2017
ISBN9781785960598
Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар

Reviews for Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар

Rating: 5 out of 5 stars
5/5

1 rating0 reviews

What did you think?

Tap to rate

Review must be at least 10 words

    Book preview

    Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар - Explorer Publishing

    үшін?

    1. Не үшін бақыт?

    Осы сұрақ үкіметте жұмыс істеп жүрген соңғы жылдары жиі қойылуда. Үкімет неге бақытқа көп көңіл бөледі? Бақыт неліктен үкімет үндеуінің, Мұхаммед бен Рашид жолдауының маңызды бөлігіне айналып, үкіметтің күн тәртібіне, бастамаларына және оның жұмысына енгізілді?

    Әрдайым қойылатын сұрақ. Мен осы кітапта, Алланың қолдауымен, оған жауап беруге талпынамын. Оқырман бақыт ұғымын позитивтілікпен тығыз байланыстыратынымды және позитивтілік тақырыбын теориялық әрі практикалық қырынан мейлінше кеңінен қозғағанымды байқап, мұны алдағы тарауларда көретін болады.

    Біріншіден, оқырманға ашық айтайын дегенім – көптен бері өзіме оңай сұрақ қойып келдім, алайда бақыттың мағынасы терең болғандықтан, бұл сұраққа жауап беру оңайға соқпады.

    Біріккен Араб Әмірліктерінің көшбасшысы әрі Дубай әмірлігінің билеушісі ретінде ғұмырымның көп бөлігін өткізгеннен соң, өмірдің мақсаты мен мәнін қорытындылап көрейін.

    Менің көшбасшы ретінде рөлім қандай? Басты қызметім неден тұрады? Үкіметті басқару ма? Үкіметтің нағыз рөлі нені көздейді? Үкіметтің рөлі заң жобаларын әзірлеу, саясат жүргізу мен оны орындау ғана ма? Оның рөлі кірістерді қамтамасыз ету мен құқықтарды қорғау ғана ма? Немесе үкіметтің рөлі денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үйлер салу, жолдар мен инфрақұрылым сияқты өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету ғана ма? Біздің рөліміз одан да биік, терең әрі жігерлі болуы керек емес пе?

    Ия, біздің рөліміз адамдарды бақытты ету жолында тиімді болуы керек. Үкіметтің рөлі – адамдар өз арман-мақсаттарын жүзеге асыра алатын, бойындағы қабілеттерін таныта алатын ортаны құруды қамтамасыз ету керек. Ортаны басқару емес, оны құру қажет. Ия, үкіметтің міндеті – адамдарды басқару емес, өзін-өзі танытуларына мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс. Үкіметтердің міндеті – адамдарды бақытты ету.

    Біз үкіметтерде жұмыс істейтін мыңдаған адамдарға олардың міндеттері зор маңызға ие болуы үшін осы жауаптың тигізетін әсерін елестете аламыз ба? Олардың жұмыстары өркениетті, ізгі мақсаттарға бағытталуы керек, яғни таңертең оянғанда адамдарды бақытты етуге өз үлесімді қалай қосамын деген жүрекке жақын мұрат олардың ойында болуы тиіс.

    Кейбір адамдар өмірдің көп бөлігін үкімет жүйесінде жұмыс істеп, 30 немесе 40 жылдан кейін артына қарайлайды, олар ғұмырын адамдарды бақытты ету үшін өткізгенін мақтанышпен айтуға лайықты.

    Адамдарды бақытты етуге ұмтылудың өзі – шынайы бақыт. Тіпті дінімізде кісілердің көңіліне қуаныш сыйлау – ең ұлы істердің бірі, ал пенделердің ең жақсысы – адамзатқа көп пайда келтіретіні болып табылады.

    «Үкімет халықтың игілігі үшін күш салады, балалар бақытты болу үшін бар мүмкіндікті қамтамасыз етеді, армандарын іске асыру жолында қажетті алғышарттарды жасайды» деп сенетін халыққа осы жауаптың әсерін елестете аламыз ба? Бақытқа қол жеткізу мақсаты үкімет пен халық арасындағы қатынастардың негізін құраса, олардың арасында қандай да бір жаулықтың орын алуы мүмкін бе?

    Біз арманшыл да, қиялшыл да емеспіз. Бақыт туралы әңгіме қозғап отырған алғашқылардың бірі емеспіз. Бүкіл тарихта адамзат бақыт іздеумен келе жатыр. Аристотель 2400 жыл бұрын саясаттың мақсаты – бақытқа жету деген. Сондай-ақ ол, мемлекетті жеке адамдардың бақыты мен моральдық жетілуіне ұмтылатын, дамитын тірі организмге теңеді. Ибн Халдун да солай деді. АҚШ-тың конституциясы әркім бақытқа ұмтылуға құқылы екенін бекітеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы үкіметтердің табыстылығын өлшеу үшін қолданыстағы көрсеткіштерді өзгертуге, яғни экономикалық көрсеткіштердің орнына адамдардың бақытылығына қатысты көрсеткіштерді негіз ретінде алуға шақырады. БҰҰ бақыттың маңыздылығын айқындау үшін Халықаралық бақыт күнін белгіледі.

    Кейбір зерттеулерге сәйкес, бақытты адамдардың жұмыс өнімділігі көп, олар ұзақ өмір сүреді және экономикалық дамуға көшбасшы болады. Мен үкіметтің бақыт туралы мәселені талқылауына таңданыс білдіретін кейбір адамдарға қайран қаламын. Бақытқа қатысты көрсеткіштер, бағдарламалар мен ол туралы зерттеулер бар. Бақытты өлшеуге, оны арттыруға және құндылықтардың жүйесімен байланыстыруға болады. Жеке адамдар, отбасылар бақыты, қызметкерлердің өз жұмысынан табатын рахаты, адамдар өміріндегі бақыт, олардың болашаққа үмітпен қарауы, жан рахаты, кәсіби және әлеуметтік қанағаттылық – осының барлығы үкімет секторларындағы бағдарламалар мен бастамаларға мұқтаж. Түрлі секторлар мен үкіметтік мекемелерде оны бақылауға алу қажет. Үкіметтің мақсаты – бақытқа қол жеткізу дегенде оны дәлме-дәл түсінеміз әрі қолданамыз. Біз осы мақсатты халқымыздың талпыныстарына, мақсат-мұраттарына және салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге сай жүзеге асыруға ұмтыламыз.

    Расында, біз адамдарды бақытты етуге талпынамыз. Адамдарды бақытты ету мәселесі түбегейлі тамыр жаймай және нақты ақиқатқа айналмай, жұмыс бағдарламасының мақсат-міндеті болып қала береді. Мүлтіксіз жұмыс істейтін үкіметтің болуы мүмкін емес, қатесіз жұмыс болмайды, алайда егер біз адамзатты бақытты ету жолында өзіміздің шынайы рөлімізден алшақтасақ, нағыз қателік болады. Сондықтан, кітап осы мақсатқа жетуге үлес қосудың бір талпынысы болып саналады. Алла әрдайым таупық беруші!

    Расында, біз адамдарды бақытты етуге талпынамыз. Адамдарды бақытты ету мәселесі түбегейлі тамыр жаймай және нақты ақиқатқа айналмай, жұмыс бағдарламасының мақсат-міндеті болып қала береді.

    2. Бақыт пен позитивтілік. Біздің әуен бөлек пе?

    Бақыт ұғымына қатысты үлкен өзгерістер туралы үкімет үндеуі жарияланған кезеңнен бастап, арагідік ойыма кейбір ескертулер мен пікірлер келе бастады. Бірде үкіметте құрылымдық өзгерістер жасап, нәтижесінде Бақыт министрі тағайындалған соң бауырлас араб елінің журналисі менен: «Сіз осы арқылы өзіңізді басқалардан бөлек әуенге басып тұрмын деп ойламайсыз ба?» деп сұрады.

    Мен оған: «Біз топтың бір бөлігіміз, сондықтан топқа үміт беруге талпынамыз», – дедім. Мен әңгімені одан әрі жалғастырып: «Әлемде біздің аймақтан басқа бақыт пен позитивтілікке аса мұқтаж бірде-бір аймақ жоқ. Аймақтың өзінде де, аймақ туралы ойлауда да пессимизм әбден белең алған», – дедім.

    Мұны біздің бұқаралық ақпарат құралдарынан, жаңалықтар шығарылымынан, жазушыларымыздың мақалаларынан, зиялыларымыздың ой-пікірлерінен байқауға болады. Әлеуметтік желілерден де айқын аңғарылады. Жақында оқып шыққан және сол бойынша талдауды талап еткен баяндама арамызда белең алған пессимизмнің бар екенін дәлелдеді. Бұл 2015 жылғы «Бақыт туралы дүниежүзілік есеп» болатын, осы есепте бүкіл әлемнің жастары мен кәмелетке толғандардың ортасында пессимизм мен күйзеліс бойынша зерттеулер келтірілді және жастар географиялық аймақтар бойынша бөлінген. Сонда сіздің ойыңызша жастар арасында пессимизм мен күйзелістің жоғары деңгейі әлемнің қай аймағында байқалады деп ойлайсыз? Ия, біздің аймақта. Мен ешкімді айыптамаймын, себебі осы аймақтағы жағымсыз жаңалықтар мен күйзелістердің көлемі әлемнің бірқатар өңірлерінен артып түседі. Бірақ ең ауыры сол: кәмелетке толмағандар мен жастарымызды пессимизм басқан, ендеше аймақтың болашағы қандай болмақ?

    Позитивтілік дегеніміз – ойлану жолы, ал бақыт – өмір сүру тәсілі. Басқаша айтқанда, қолыңызда бар мал-мүлкіңіз немесе істей алатын іс-әрекетіңіз Сізді бақытты қылмайды, ол нәрселер туралы қалай ойлайтыныңыз бақытты етеді.

    Сондықтан да бақыт ұғымы, оптимизм мен позитивтілікті кеңінен таратудың маңыздылығына кәміл сенемін. Осы кітапта позитивтілік тұжырымына, оның өмірге, жетістіктерге, жұмысқа деген көзқарасты өзгертуге, тіпті үкіметтік жұмысқа деген көзқарасымызға тигізер ықпалына көп көңіл бөлдім. Айналамыздағы мүмкіндіктерге және алдымызда күтіп тұрған болашаққа деген көзқарасымызға әсері туралы ойландым.

    Позитивтіліктің бақытпен өзара байланысын кіріспе мен нәтиже арасындағы байланыс деуге болады. Сол себепті кітапта осы байланысқа көп тоқталамын. Позитивтілік – ойлану жолы, ал бақыт – өмір сүру тәсілі. Басқаша айтқанда, Сізді қолда бар мал-мүлкіңіз немесе істей алатын іс-әрекетіңіз бақытты қылмайды, ол нәрселер туралы қалай ойлайтыныңыз бақытты етеді.

    Мен жоғарыда айтып өткен журналистің сенсациялық жаңалық беруді қалап, «Әмірліктердегі бақыт бағдарламасына қанша қаражат бөлуді ұйғарып отырсыз?», – деп сұрағаны жайлы әңгімеге қайта ораламын. Мен оған: «Бақыт бағдарламасы үкіметтің күнделікті жұмысынан бөлек бағдарлама болып табылмайды. Бақыт – үкіметтік негізгі бағдарлама және бүкіл үкіметтік бюджет адамдарды бақытты етуге бағытталған», – деп жауап бердім.

    Бақыт екі түрлі болады: жеке бақыт, яғни өз ұғымы бар, және қоғамдағы бақыт, яғни үкіметтік жұмыста ұмтылатын мұратымыз. Біздің үкіметте қоғамдағы бақытқа қол жеткізу бойынша әлемдік зерттеулер бар. Ол сенің ортаңда, өмір сүріп жатқан қоғамда орнаған қауіпсіздік пен ішкі тыныштықты сезінуден тұрады. Бұл лайықты баспананың, сырқаттанғанда

    Enjoying the preview?
    Page 1 of 1